Сауранда тамшылатып суару әдісімен егілген мақта жайқалып өсіп тұр

238

Қытайлық инвестормен бірлесе атқарылып жатқан жобаның құны – 100,0 млн. теңге. 133 гектар алқапқа жаңа тәсілмен мақта егілген. 

Сауранда тамшылатып суару әдісімен егілген мақта жайқалып өсіп тұр Фото: gov.kz

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапары барысында Ескі Иқан ауылдық округіндегі "ДАТҚА" жеке кәсіпкерлігінің тамшылатып суару әдісі арқылы егілген мақта алқабында болды. Жобаның жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба бастамашысы Қанат Көшербаевтың айтуынша, мақта кештеу егілгеніне қарамастан, өнімділігі өте жоғары. Бұл нәтижеге тамшылатып суару тәсілі арқылы қол жеткізіліп отыр. Қытайлық инвестормен бірлесе атқарылып жатқан жобаның құны – 100,0 млн. теңге. 133 гектар алқапқа жаңа тәсілмен мақта егілген. Жобаның қуаттылығы жылына 10 мың тонна болады деп күтіліп отыр.

– Тамшылатып суару, жаңбырлатып суару, су үнемдеу технологияларын жаппай енгізуіміз керек. Өзге кәсіпкерлерге, әріптестеріңізге, шаруаларға осы тәсілдерді үйретіңіздер. Жауапты басқарма осы бағытта жұмыс жүргізсін. Біріншіден, су үнемделеді, екіншіден, өнімділік артады, үшіншіден, табыс молаяды. Өте тиімді, – деді Дархан Сатыбалды.

Аталған мақта алқабының жұмысын жүргізу үшін құрал-жабдық сатып алуға Қытаймен келісімшарт жасалған. Ауыл шаруашылығы техникалары, дән сепкіш құралы, тамшылатып суару технологиясының кешені жеткізілген. 5 тік дренажды ұңғыма қазылып, электр бағаналары орнатылған. Алдағы уақытта осы тәсілмен мақта егу көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу