Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қатысып, тың жобаға сәттілік тіледі.
Кешен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жылына 300 тоннадан асатын өнім өндіреді. 1 гектар аумақта орналасқан нысанда 10 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылған.
"ND PLAST TURAN" кәсіпорын басшысы Нұрислам Ебергенов алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу