ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін міндетті деп жоспарланған саусақ ізін тапсыру мәселесі енді ерікті түрде жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, заң жобасында азаматтар түрде саусақ ізін міндетті түрде тіркейді делінген болатын, бірақ кейінірек өзгерістер енгізілген.
"Бүгінде шешім қабылданып, заң жобасына 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың саусақ іздерін ерікті түрде тіркеу мүмкіндігін қарастыратын түзетулер енгізіліп жатыр. Шетелдіктер үшін дактилоскопия шекарадан өту кезінде міндетті болып қала береді, бірақ ел ішінде құжаттарды рәсімдеу кезінде ол ерікті болады", деді Сәкен Сәрсенов.