Саусақ ізі арқылы ХҚКО қызметін алуға болады

1247

Жеке куәлік арқылы да қызмет алу сақталады. 

Саусақ ізі арқылы ХҚКО қызметін алуға болады

Бүгіннен бастап қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметтерін саусақ іздері арқылы ала алады. Мұндай жаңашылдық Астана мен Алматы қаласында орналасқан үш мекемеге енгізіліп отыр. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

Оның айтуынша алдағы уақытта еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығында биометриялық деректер арқылы қызмет алу енгізіледі. Сонымен қатар жеке куәлік арқылы да қызмет көрсету сақталады. Ал, болашақта саусақ іздері арқылы екінші деңгейлі банктердің қызметін ұсыну қарастырылуда.

Мұндай жаңашылдықты қолдану үшін, алдын ала ХҚКО-ға барып, өз биометриялық деректеріңізді, яғни саусақ іздерін тіркету керек.

 Айта кетсек, мұндай жеке басқа қатысты деректерді өткізу ерікті түрде жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу