Саябақты жаңарту кезінде 2000 ағаш кесіледі

841

Саябақты жаңарту кезінде 2000 ағаш кесіледі

Петропавлдағы ғасырдан аса тарихы бар саябақтың 2000 ағашы алаңқай салу үшін кесілмек, деп хабарлайды абств.

Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары Қайролла Ғалиев демалыс және мәдениет саябағын қайта жаңғырту жұмыстары туралы айтты.

"Қаланың дамуына бағытталған тұжырымдаманың аясында қазіргі уақытта демалыс және мәдениет саябағын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Алаң мен демалыс орны, сонымен қатар 2,5 шақырымды құрайтын веложол мен жаяу жүргіншілер жолы салынатын ескі паркті қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде",- деді Ғалиев.

Әкім орынбасарының айтуынша, велодром мен спорттық аймақ пайда болмақ, онда жаттығу құралдары орнатылады.

"Саябақтағы сәкілер ауыстырылады және де жарықтандырылады. Бұл жұмыстардың бәріне бюджеттен 290 млн теңге бөлініп отыр", - деді Қайролла Ғалиев.

Саябақта жалпы саны 8000-ға жуық ағаш бар. Жобаны жүргізуші ұйым барлық ағашты тексере келе, олардың басым бөлігін санациялау керектігін анықтады.

"Бүгінге дейін 150 ағашты кестік, яғни санация жүргіздік, бірақ тағы да 2000 ағашты кесуге тура келеді. Олардың орнына 2186 көшет егіледі",- деп түсіндірді спикер.

Бұдан өзге де талай жұмыс атқарылмақ екен, мысалы ескерткіштерді жаңарту, кинотеатр салу, атракциондарды орнату секілді жұмыс жасалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу