Саяхат жүйесін жетілдіруге ең аз қаражат жұмсайтын аймақ – Шымкент

867

Бірақ соған қарамастан өңірге қыдырып келушілер саны артпаса, кемімепті. 

Саяхат жүйесін жетілдіруге ең аз қаражат жұмсайтын аймақ – Шымкент

Ойын-сауық саласына салынған қаржы биыл 30,6%-ға артып, 35,5 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Atameken Business.

Rankingkz агенттігі жүргізген сараптамаға қарағанда, бұрынғыдай емес, соңғы уақытта мегаполистен көрі шеткері аймақтағы туризмге төленген сома өскен.

Топ үштікті Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр. Мұндағы инвестиция – 12,1 млрд теңге. Алакөл, Марқакөл, Бұтырма Ақбауыр және Ұлы Абайдың мұражайына келушілер қатары да көбейген.

Екінші орынға 7,7 млрд теңгемен Алматы облысы жайғасса, үштікті 6,3 млрд теңгемен Қостанай облысы түйіндеп тұр.

Ойын-сауық, саяхат жүйесін жетілдіруге ең аз қаражат жұмсайтын аймақ – Шымкент. Мұндағы инвестиция 59 млн теңгеге әзер жеткен. Бірақ соған қарамастан өңірге қыдырып келушілер саны артпаса, кемімепті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу