Саяхаттау картасы жастарға ШЫҰ елдеріне сапарлауға мүмкіндік береді

971

Саяхаттау картасы жастарға ШЫҰ елдеріне сапарлауға мүмкіндік береді

ШЫҰ жастар қанаты ШЫҰ жастар картасы жобасын жүзеге асыруда, оған бастамашылық еткен қырғыздық серіктестер, деді Шанхай ынтымақтастық ұйымы жастар қанаты хатшылығының жетекшісі Алексей Карпенко ОКҚ брифингінде. Бұл туралы strategy2050.kz. хабарлайды.

 

Шанхай ынтымақтастық  ұйымы жастар қанаты хатшылығының  жетекшісі айтып өткендей, бағдарлама  жастардың саяхат жасауына бағытталған.

"Біздің басты мақсатымыз – жастарға саяхат жасауға мүмкіндік беру. Бір адамға кепілдендірілген түрде ШЫҰ-ның кез келген еліне сапарлап баруға мүмкіндік сыйлау", - деді ол.

Спикердің айтуынша, бағдарлама бірқатар элементтерді қамтиды: халықаралық ID-student; көліктік карта, банк картасы, коллекциялық серіктестік бағдарлама, ұпай жинау.

Бағдарламаға  14-35 аралығындағы адамдар қатыса алады.

Спикер айтып өткендей, аталмыш бағдарлама алғаш болып РФ Краснояр қаласында  іске қосылады.

"Қыркүйекте картаны Краснояр қаласының тұрғындары ала алады. Пилоттық жоба аясында  Ресейде  бағдарламаның барлық мүмкіндігі таныстырылады", - деді Алексей Карпенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу