Алматыда "Саялы" ауданының тұрғындары жылудың жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды Atameken Business.
Қытымыр қыста жылусыз отыр. Алматыда мансардтан үй сатып алған 7 отбасы салқын түскелі бері бүрсең қағуда. Биыл күзде ғана қолданысқа берілген "Саялы-2" шағын ауданында шатырда тұрған пәтерлердің сапасы сын көтермейтін болып шықты. Мемлекеттік бағдарламаға салынған үйдің мәселесін мердігерлер мен коммуналды компания бір-біріне сілтейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу