Саясат Нұрбек: Бұл өмірімдегі ең үлкен қателік шығар

1017

BTS Education компаниясының бас директоры Саясат Нұрбек болашақ мамандығын таңдамаған жастарға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Саясат Нұрбек: Бұл өмірімдегі ең үлкен қателік шығар

Алдымен ол халықаралық құқық мамандығын қалай таңдағанын айтты.

"1998-1999 жылдар. Семей қаласы. Жапондар шаһарда көпір салып жатыр. Мен аудармашы болып жұмыс істеп жүрмін. Осы уақытта маған әпкем хабарласып, "бүгін – ҰБТ-ға құжат тапсыратын соңғы күн. Мамандық таңдап, құжат тапсыру керек" деді. Мен оған "қолым бос емес, уақытым жоқ, жиналыста отырмын. Амалын тауып, өзің құжатты бір жаққа тапсыршы" дедім. Бұл өмірімдегі ең үлкен қателік шығар", – деді Саясат Нұрбек XIV Kazenergy Eurasian Forum-да.

Осыған байланысты ол жастарға кеңес берді.

"Жастарға айтарым бар. Болашақ мамандығыңызды таңдау өміріңіздегі ең маңызды шешім болып саналады. Оны ешкімге бермеңіз. Түстен кейін маған әпкем хабарласып, халықаралық құқық мамандығына құжаттарды тапсырғанын айтты. Мен халықаралық құқық? Неге? Әпкем мамандықтың құлаққа жағымды естілетінін жеткізді: құқық, халықаралық құқық. Осылайша мен Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 5 жыл оқыдым. Бірақ халықаралық құқық мамандығы бойынша бір күнде жұмыс істеген жоқпын. Өкінішке қарай, 5 жыл босқа кетті", – деді бас директор.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу