Саясат Нұрбек ғылыми жобаларға грант беру тәртібі қалай өзгеретінін айтты

248

Ғылыми-техникалық тақырыптарды ғалымдар емес, зауыттар белгілейді. 

Саясат Нұрбек ғылыми жобаларға грант беру тәртібі қалай өзгеретінін айтты Фото: qazaqtv.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Atameken Business телеарнасының "Exclusive" бағдарламасында ғылыми жобаларды қаржыландыру тәртібі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бағдарлама жүргізушісі "Грант бөлудің, бөлінген қаржының нәтижесін талап етудің тетігі өзгере ме?" деп сұрады.

Саясат Нұрбек бұл механизм өзгеретінін айтты.

"Бұрын гранттар берілген кезде ғалымдардың ұсыныстарын, тапсырмаларын жинақтап, оны Жоғары ғылыми техникалық комиссияның қарауына шығарамыз. Олар бекітеді, сол ғалымдардың ұсыныстарының негізінде гранттар берілетін болады. Өкінішке қарай, бұл теріс механизм. Ғалым өзі жүзеге асыра алатын ұсынысты береді. Көп жағдайда ол ұсыныстар нақты өндірістің немесе салалық тапсырыстың негізінде болмайтын. Сондықтан мехнизм осы жылдан бастап өзгерді. Енді Жоғары техникалық комиссияның құрамын ірі кәсіпорындардың басшыларын кіргіздік. ERG, "Қазақмыс", Балқаш мыс зауыты және тағы да басқа ірі зауыттар", - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі.

Енді ғылыми-техникалық тақырыптарды ғалымдар өздері белгілемейді, зауыттар белгілейді.

Ведомство басшысы енді қаражат берілген тапсырмалар негізінде бөлінетінін айтты. 

"Қытайдың тәжірибесінен бір ғана мысал келтірейін. Қытайда ғылымға бөлінген бүкіл ақша мемлекеттік тапсырыспен өте мұқият беріледі. Мысалы, Қытайдың ауыл шаруашылық ғылым академиясы үш сатымен жұмыс істейді", - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу