Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты болды

958

"Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің отырысы 28 ақпанға белгіленді. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты болды

"Бүгін "Nur Otan" партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі. Сондай-ақ Саяси кеңес Бюросының қаулысымен "Nur Otan" партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді", – деп жазды Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу