Саясат Нұрбек: Шетелдегі этникалық қазақтарға жер пайдалану құқығын беру қажет

1654

Азаматтық алған қандастың туған жері туралы дерек пен тұрғылықты жері туралы дерек біріздендірілуі мүмкін.

Саясат Нұрбек: Шетелдегі этникалық қазақтарға жер пайдалану құқығын беру қажет

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек қандастарға қатысты үш ұсыныс айтты.  

"Көші-қон мәселесі бойынша үш ұсынысымыз бар. Бірінші – шетелдегі этникалық қазақтарға жер пайдалану құқықығын беру. Бұл қазір өте қызу талқыланып жатқан мәселе. Екінші қызу талқылауда болған мәселе – Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың туған жерін тұрғылықты жері деп бір мәрте өзгертіп жазу. Қазір паспорттарда туған жері Қытай Республикасы немесе басқа деп  жазылып жатыр. Соңғы ұсыныс – 18 қараша күні Ұлттық көші-қон күні деп белгіленсе. Осындай үш мәселе қызу талқылауда болды", – деді ол Ұлттық кеңестің І отырысында.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу