Саясат Нұрбек: Жастар сайлауға белсенді қатысуда

801

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы №111 сайлау учаскесіне дауыс беруге келді. 

Саясат Нұрбек: Жастар сайлауға белсенді қатысуда Фото: ortcom.kz

Ведомство басшысы ЖОО студенттерін сайлауға қатысуға мәжбүрлеу бойынша БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

"Жастар сайлауға белсенді қатысуда. Сайлауда студенттердің дауыс беру мәселесін бақылауға алдық. Ешқандай мәжбүрлеу болмайды. Осы мақсатта университет басшыларымен жұмыс жүргізіліп, оларға нұсқаулық берілді. ЖОО-дағы сайлау учаскелерінде талапқа сай қажетті жағдай жасалды. Студенттерді дауыс беруге мәжбүрлеген жағдайда министрлік жанынан өткен жылы құрылған омбудсмен,  студенттердің құқығын қорғайтын уәкіл Айсұлу Ерниязоваға тікелей хабарласуға болады", - деді министр.

Оның айтуынша, саяси бәсекенің артқанын тіркелген кандидаттар санының көп болуынан байқауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу