Саяси баспана алудан үмітті бірнеше ауғандық Германиядан қуылды

1038

Саяси баспана алудан үмітті бірнеше ауғандық Германиядан қуылды

Германиядан саяси баспана алудан үмітті 50-ге жуық Ауғанстан азаматы елдеріне қайтарылды, деп хабарлайды АП агенттігі.

Неміс тарапы ұйымдастырған чартерлік рейс  бейсенбі күні Франкфурттан Кабулға  келіп қонды.

Мұның алдында  саяси баспана ұсынудан бас тартылғандарға Германия өз еркімен Ауғанстанға кеткен жағдайда қаржылық қолдау ұсынған. Осылайша ГФР-дан биыл 3 мыңға жуық адам кетіп қалған.  Дегенмен елден шығарып жіберуге ордер берілген 12,5 мың адам әлі де Германияда жүр.

Канцлер Ангела Меркель Германия үкіметі саяси баспана беруден бас тартылған босқындарды елдеріне қайтару шараларын  күшейтуге тиіс деп мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу