Саяси қуғын-сүргін: 2,4 млн-нан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды

331

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.  

Саяси қуғын-сүргін: 2,4 млн-нан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды Фото: consultantastrakhan.ru

Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді. Кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

"265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі. 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу