Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жылды қорытындылады

686

Мемлекеттік комиссия отырыста былтыр атқарған негізші жұмыстарға тоқталды.    

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жылды қорытындылады Фото: akorda.kz

Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ortcom.kz-ке сілтеме жасап. 

Жиында Мемлекеттік комиссияның 2022 жылы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары қаралды.

Мемлекеттік комиссия жұмысының басты нәтижелерінің бірі ретінде саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағының жарық көргенін айтуға болады.

Айта кетейік, жақында Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының негізінде дайындалған көптомдықты таныстырған болатын.

Отырыс барысында еңбекті дайындаған авторлардың қатысуымен көптомдықтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітаптар ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдарынан құралған.

Мемлекеттік комиссияның материалдарын жарыққа шығару жұмысы биыл да бірыңғай серия шеңберінде жалғасатын болады.

Сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдардың басшылары арнайы және ведомстволық архив қорларындағы құжаттарды құпиясыздандыруға, архив материалдарын жүйелеуге және цифрландыруға қатысты атқарған жұмыстары жайында баяндады.

Жиын соңында 2023 жылы қолға алынатын басты бағыттар бойынша, ғылыми-зерттеу және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарын жалғастыруға қатысты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу