"Саяси партия тіркеуге ешкім өтініш берген жоқ"

1411

Елде саяси партия тіркейтінін мәлімдеген бастамашыл топтардың болғанына қарамастан Әділет министрі Қанат Мусин "ешкім заң жүзінде өтініш бермеді" дегенді айтады.

"Саяси партия тіркеуге ешкім өтініш берген жоқ"

"Заңға сай, партияны тіркеу рәсімі екі кезеңнен тұрады. Әуелі партия ұйымдастырушылары хабарлама береді. Ол қаралады. Қабылданғаннан кейін филиалдарын ашып, тіркеуге құжат береді. Қазіргі таңда бірде-бір хабарлама түспеді", – деді Мусин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуына қарағанда, партия мүшелігінде 40 мың адам болуы керек деген талап кейін 20 мыңға төмендетілді. Саяси партияларды тіркеуге қатысты басқа жеңілдіктер "қарастырылып жатқан жоқ.

Бұған дейін Санжар Боқаев "Намыс" атты цифрлық форматта жұмыс істейтін партия құратынын мәлімдеген.

Ал "Ел тірегі" атты тіркелмеген партия мүшелері өздерін "тіркеуден өткізбеген" Әділет министрлігін былтыр күзде сотқа беріп, жеңіліп қалған.

Сондай-ақ "Байтақ" та 5 жыл бойы тіркеле алмай жүр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу