Саяси партияларды тіркеу тәртібі өзгереді

1077

Қолданыстағы заң бойынша партияларды тіркеу үшін оның құрамында 40 мың мүшесі болуға тиіс. Енді бұл  санды 20 мыңға азайту көзделген.

Саяси партияларды тіркеу тәртібі өзгереді

Елімізде саяси парияларды тіркеу тәртібі өзгереді. Әділет министрлігінде осындай ұсыныс әзірленуде, деп хабарлайды Atameken Business.

Қолданыстағы заң бойынша партияларды тіркеу үшін оның құрамында 40 мың мүшесі болуға тиіс. Енді бұл  санды 20 мыңға азайту көзделген.  Сондай-ақ, партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастарға арналған міндетті 30%-дық квота қарастырылмақ. Яғни, саяси партияларда депутаттықта үміткер әйелдер мен жастардың үлесі 30 пайыздан кем болмауға тиіс.

Қазіргі, 6-шақырылымдағы мәжіліс құрамына қарасақ, ерлердің үлесі әйелдерден әлдеқайда көп. Ер адамдар – 78 (73%), әйел адамдар – 29 (27%). Депутаттардың орташа жасы – 55 жас (2016 жылғы 31 наурыздағы күнге сәйкес). 40 жасқа дейін – 7 депутат, 40-тан 60 жасқа дейін – 77 депутат, 60 жастан асқан, яғни зейнет жасындағы 23 депутат бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу