Саяси тұрақсыздық салдарынан Гонконг 5 млрд доллардан айырылды - Англия банкі

1555

Goldman Sachs сарапшыларының  айтуынша, маусым мен тамыз аралығында  4 млрд доллар депозит Гонконгтан Сингапурға кеткен.                 

Саяси тұрақсыздық салдарынан Гонконг 5 млрд доллардан айырылды - Англия банкі

Гонконгтағы тұрақсыздық салдарынан инвестициялық қорлар 5 млрд доллар капиталды алып кеткен, деп хабарлады Англия банкі.

Банктің есебінде капиталдың жылыстауы сәуір айында Гонконг билігінің қылмыс жасады деген күдіктілерді Қытайға беру туралы заң қабылдау мүмкіндігін айтқан кезден басталған.

Goldman Sachs сарапшыларының  қазан айындағы есебінде маусым мен тамыз аралығында  4 млрд доллар депозиттің Гонконгтан Сингапурға кеткені туралы айтқан еді. 

"Гонконгтың ірі қаржы орталығы екенін ескерсек, бұл саяси жағдай үлкен қатері бар", -дейді Англия банкінің есебінде.

Гонконгтың ақша кредиттік басқармасы мен Қытайдың Ұлттық банкі бірнеше рет капталдың жылыстауы болмағанын мәлімдеген еді. Анлия банкі болса, мұның растығын айтып отыр. Өйткені HSBC мен Standard Chartered сынды банктердің Гонконгта болуына байланысты елдегі жағдайды мұқият бақылауда.

Айта кетейік, Гонконг билігі шиеленісті жағдайды әлі тоқтата алмай отыр.

"Мәселе әлі шешілген жоқ. Біз бұл бағытта күш жұмылдыруымыз керек. Сонымен қатар, тамыры тереңге кеткен мәселені шешуіміз де керек", -деді Гонконг әкімшілігінің бас хатшысы Мэттью Чун журналистерге берген сұхбатында.

Гонконг әкімі Кэрри Лэм болса Бейжіңде Си Цзиньпинмен, ҚХР МЕмлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесіп жағдайды баяндаған.

                                                                  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу