Саяси жүйе өзгергеннен кейін 18 мыңнан астам ауғандық Германия визасын алды

674

Аталған мемлекетке апта сайын 200-ге жуық ауғандық келуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Саяси жүйе өзгергеннен кейін 18 мыңнан астам ауғандық Германия визасын алды

Германия үкіметі неміс ұйымдарымен немесе әскерлерімен жұмыс істеген ауғандықтар үшін ұшуларды ұйымдастыруды жалғастыруда. Олар Пәкістан мен Иран арқылы кетуде, деп хабарлайды DW.

"Апта сайын 200-ге жуық ауғандық Германияға тек Пәкістаннан әкелінеді", – деп хабарлайды Funke Mediengruppe басылымы.

Жарияланған материалдан белгілі болғандай, Ираннан да тұрақты түрде көптеген адамдар әкетілуде. Ауғанстанда радикалдық исламшыл Талибан билікке қайтып оралғаннан бері федералды үкімет қауіп тобындағыларға және олардың отбасыларына 18 мыңнан астам виза берді.

2022 жылдың басында ғана төлқұжаты жоқ 5 мыңға жуық адамға көмек көрсетіліп, олар алдымен Ауғанстаннан шығып, екі айдың ішінде Германияға жеткізілді.

Бұған дейін Германия үкіметінің Ауғанстаннан бұрынғы жергілікті қызметкерлерді эвакуациялау шаралары тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны үшін қатаң сынға алынған болатын.

Айта кететіні, Талибан әйелдерге қысымды күшейтті.

Бұған дейін 7 мамырда тәліптер Ауғанстандағы әйелдерге қоғамдық орындарда хиджаб кию туралы бұйрық бергені хабарланған болатын.

"Қыздар мен егде жастағы әйелдерден басқа барлық әйелдер бейтаныс адамдармен кездескенде "арандатушылыққа" жол бермеу үшін беттерін жабуы керек", – деп жазылған Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігінің қаулысында.

Талибан 2021 жылдың қыркүйегінде бүкіл Ауғанстанды бақылауға алғанын және өтпелі үкіметтің құрылғанын жариялады.  Халықаралық қауымдастық Талибан үкіметін әлі мойындаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу