Саяжай тұрғындары өтемақы сомасымен келіспей, жерлерін әкімдікке бермей отыр

1079

 Ал Елорданың қақ ортасында орналасқан "Керамик" саяжай қауымдастығында жер дауының шешілер түрі көрінбейді, деп хабарлайды Atameken Business.    

 Саяжай тұрғындары өтемақы сомасымен келіспей, жерлерін әкімдікке бермей отыр

Жұрт "әкімдік бізді алдап соғып, үйіміз бен учаскемізді арзанға сатып алмақшы", - деп дабыл қағуда.  "Керамик" тұрғындарының мәселесін осыдан екі ай бұрын эфирден көрсеткен едік. Содан бері ештеңе өзгере қоймаған. Әкімдік қаулысымен бұл учаскелер мемлекетке қайтарылып, орнына тұрғын үй кешені салынуы тиіс. Алайда, тұрғындар өтемақы сомасымен келіспей, жерлерін бермей отыр.

Аты саяжай болса да, мұнда жыл 12 ай тұратын жұрт ұсынылған сомаға 1 бөлмелі пәтер де келмейді, - дейді. Сөйтіп, далада қаламыз ба деп қорқады. Қазір мұнда 10 шақты баспана қалған. Бұған қарамастан құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін салуға әзірлікті бастап кетсе керек. Ашынған саяжайлықтардың талабы мынадай: "Меншігіміздегі жер екіге бөлінсін: жол төсеуге арналған бөлігін әкімдік бөлек сатып алсын, ал тұрғын үй орналасатын бөліктің ақысын құрылыс компаниясы төлесін", - дейді. Әйтпесе, шенділерге сенім жоқ, мүлкімізді арзанға алып, кейін кәсіпкерлерге қымбатқа өткізіп жібере ме деп күдіктенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу