"Саяжай түрінде пара алған": Астана әкімдігінің басқарма басшысы не үшін ұсталғаны белгілі болды

438

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Саяжай түрінде пара алған": Астана әкімдігінің басқарма басшысы не үшін ұсталғаны белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығы пара ретінде қала сыртынан үй алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетін тоқтатты. Ол мекеме басшысынан қала сыртындағы саяжай түрінде ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Пара Астанадағы кәріз құрылысын салу жөніндегі жеткізушіні анықтау кезінде жеке ұйымның мүддесін алға тартқаны үшін берілген", деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Күдікті қамауға алынды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу