Сбербанк "Багжан лэнд" компаниясына 945 миллион теңге қаржы бөлді

835

Сбербанк "Багжан лэнд" компаниясына  945 миллион теңге қаржы бөлді

Сбербанк "Багжан лэнд" компаниясына Шымкенттегі сауда-сауық орталығын салу үшін  945 миллион теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.  

Мәміле "Даму" КДҚ" АҚ-ның "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.

"Бүгінде Сбербанк кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда жетекші орын алады. Сауда орталықтарын ашу жаңа ритейлирлерді тартуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, нәтижесінде ол аймақтың экономикалық өсуіне жағымды түрде ықпал етеді" - деді "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Ельдар Тенизбаев

Құрылыс жұмыстарын 2017 жылғы қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа сауда-сауық орталығын толық іске қосу жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады.

"Багжан лэнд" компаниясында мейрамхананы, супермаркетті және ойын алаңдарын орналастыруға қатысты жалға алу ниетінің 3 шарты бар. Бұл мәміле Шымкентте жұмыс істеп тұрған "HYPER HOUSE" сауда орталығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Салынып жатқан ғимарат 5 деңгейден тұрады, оларға жер асты паркингі, сауда алаңдары, кинотеатр, балалардың ойын алаңы және мейрамханалар кіреді. Біздің жобамыздың жайлылығы мен қол жетімділігі бағаланады деп сенеміз", - "Багжан лэнд" ЖШС директоры  Жандарбек Сыдыков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу