Бұл туралы Ресейдегі "Сбербанк" қаржы мекемесі хабарлады. Ресми мәліметке сүйенсек, 2021 жылы бұл көрсеткіш 3,1%-ға, 2022 жылы 2%-ға өседі. Сонымен қатар банк биылғы инфляция 3,7%, келер жылы 3,8%, ал 2022 жылы 4% болады деп топшылап отыр.
Осы жылы мұнайдың орташа бағасы 32 доллар, 2021-2022 жылдары 50-55 доллар деңгейінде саудаланбақ. Ресей Банкінің негізгі мөлшерлемесі 2020 жылы 5%-ға дейін төмендеп, 2021-2022 жылдары 5,75%-ға дейін өседі.
Ескере кететін жайт, Ресей экономикасы коронавирус пандемиясымен күреске байланысты қабылданған шектеу шараларының кесірінен күніне 100 млрд рубль жоғалтып отыр. Елдің Экономикалық даму министрі Максим Решетников осылай деді. Оның пікірінше, елдің ЖІӨ биыл 5%-ға қысқаруы мүмкін.
Табиғат Нұрболат