Сбербанк Қазақстанда ислам банкингін дамытуды көздеп отыр

840

Сбербанк Қазақстанда ислам банкингін дамытуды көздеп отыр

Ресей Сбербанкі Қазақстан мен Түркияда ислам банкингі жобаларын дамытуды көздеп отыр. Банк баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстан ТМД-да серіктестік банкинг дамытуға арналған болашағы бар нарықтардың бірі ретінде қарастырылуы мүмкін. Дегенмен, қаржы институты қандай да бір жобалар туралы айтуға әлі ерте екенін айтады, деп жазады 7kun.kz

 "Біз қазір халықаралық нарықтарда еншілес банктердің қаржыландырумен іске асырылатын жобалардың тізімін жасап жатырмыз. Оның ішінде түркиялық DenizBank-пен бірлесіп қаржыландырылатын жобалар бар, ал келер аптада Алматыдағы әріптестерімізбен 2017 жылғы жол картасын талқылауымыз  керек", — деді банк өкілі.

Ресейлік Сбербанк басшыларының айтуынша, Қазақстанда шағын және орта кәсіпті дамытуға арналған жобаларды дамыту үшін елдегі заңнама аясында балама ресурстарды тартудың амалдарын іздейді.

"Thomson Reuters Islamic Growth Markets Investment Outlook есебіне сәйкес, 2015 жылы Ислам серіктестік ұйымына кіретін 57 мемлекеттің ішінен инвестиция тарту бойынша Қазақстан 5-орынға жайғасқан. Инвесторлардың "тәбеті" мен қалауын білетіндер үшін бұл көрсеткіш өте маңызды", — дейді қаржы институты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу