Сбербанк пен Kazakh Invest инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

902

Сбербанк пен Kazakh Invest инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

"Сбербанк" АҚ ЕБ және "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ инвестициялық ынтымақтастық туралы шектелмелі келісім жасады. Құжатқа "Сбенрбанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасы Александр Камалов және "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ ,басқармасының төрағасы Максат Кабышев қол қойды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.   

"Сбербанк жергілікті, сондай-ақ халықаралық компаниялармен қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған. Біздің Банкте International Desk бөлімшесі құрылды, ол халықаралық компаниялармен жұмыс жүргізуге маманданған және бес тілде кешенді банктік қызметтерді көрсетеді. Бүгінде International Desk Ресей, Түркия, ЕО, Корея, Қытай және өзге елдердің 1000-нан астам халықаралық компанияларына қызмет көрсетеді. Сбербанктің шетелдік компаниялар арқылы Қазақстан экономикасына инвестициялары 70 миллиард теңгеден асады.  Біз "Kazakh Invest" компаниясымен ынтымақтастығымыз бизнестің бәсеке қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады деген сенімдеміз, ол Қазақстан экономикасының әрі қарай дамуына және жаңаруына алып келеді", - деп айтты "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов.

Өз ретінде Kazakh Invest инвестициялық жобаларға алдын-ала талдау жүргізуді, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты алу барысында банкке жәрдемдесуді, сондай-ақ инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың ықтимал нысандары жайында банкті ақпараттандыруды өз құзіретіне алады.

"Kazakh Invest инвестицияларды тарту үшін халықаралық қаржы институттарымен белсенді түрде өзара әрекеттеседі. Бүгінгі таңда компания портфелінде шамамен 200 инвестициялық жоба жатыр. Халықаралық стандарттарға сәйкес "тауашалық жобаларды" әзірлеу және әрі қарай инвесторларға ұсыну үшін жобалардың қаржылық моделін дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік коммерциялық банктер арасында Сбербанк ел экономикасын қаржыландыру көлемі бойынша бірінші болып табылады. Осыны ескерсек, осы келісім елдің инвестициялық хал-ахуалын дамытудың маңызды тетігіне айналуы мүмкін", - деп "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Максат Кабашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу