"Сбербанк Россия" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Тимур Козинцев тағайындалды. Бұл туралы қаржы мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін бұл қызметті Павел Барчугов атқарған. Қазір ол - банктің директорлар кеңесінің мүшесі.
2020 жылдың ақпан айында Sberbank International бөлімінің басшысы Козинцевті Сбербанк жария акционерлік қоғамының вице-президенті қызметіне кірістірген болатын.
"Козинцев Сбербанкке 2013 жылы келіп, DenizBank-тің осы банкке интерграциялануын жүзеге асырған. 2015 жылдан бастап CRO және басқарма мүшесі ретінде DenizBank-тің қатерлерді басқару жүйесін дамытумен айналысты. Соңғы екі жылда Түркиядағы еншілес банкінің сатылымы бойынша келісімді жүзеге асыруға атсалысқан", – делінген ресми мәлімдемеде.
Табиғат Нұрболат