Сөйтсек, біздің үкімет цифрлық платформаны өз ақшасына емес, несиеге алмақшы екен. "Әділет" порталында жарияланған құжаттың мәтінінде бұл ақ-қарамен жазылған. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Сбербанк қарыз туралы келісім жасасуға ниетті. Бұл кредит мемлекеттен кепілдендіріледі.
Несие валютасы – Ресей рублі. Нақты сомасы көрсетілмеген, алайда қарыздың 500 миллион доллардан аспайтыны белгілі. Егер Сбербанкке барлық қажетті құжаттар уақытында жіберілсе қаражат 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу