"Сбермен" жасалған меморандум мәтіні adilet.zan.kz сайтынан жоғалып кетті

984

Қазақстан Үкіметі мен Ресейдің "Сбер" компаниясы арасындағы меморандум мәтіні нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтынан жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

"Сбермен" жасалған меморандум мәтіні adilet.zan.kz сайтынан жоғалып кетті

Қазір adilet.zan.kz сайтындағы келісім мәтіні тұрған жерде "сіз сұраған ресурс табылмады" деген жазу шығады.

"!LOCALIZE!
Кешіріңіз, сіз сұраған ресурс табылмады.
Сіз қайтып оралуға немесе басты бетке өтіп, іздеуді пайдалана аласыз" – деп жазылған ол жерде.

Қазақстан Үкіметі мен "Сбербанк" арасындағы govtech бірыңғай платформасын және Data-Driven Government тұжырымдамасын құру жөніндегі меморандумның мәтіні 20 қыркүйекте жарияланған.

"Сбер" қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші стратегиялық серіктес ретінде "BTS Digital" компаниясын атады. Бұл – ERG Еуразиялық тобының (Машкевич, Шодиев және Ибрагимов) еншілес компаниясы, онда ҚР Үкіметінің 40% үлесі бар. 

Айта кету керек, меморандум мәтіні нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланғаннан кейін қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов таңданғанын айтты.  

"Меморандум мен ойлағаннан да егжей-тегжейлі болып шықты",– деді ол.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен "Сбер" компаниялар тобының басшысы Герман Греф Қазақстанның цифрлық трансформациясы бойынша жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің технологиялық архитектурасының стандарттарын әзірлеу және бақылау ресейлік "Сберге" аутсорсингке берілген болатын. 
Көптеген қазақстандықтың пікірінше, бұл келісім ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу