SCAT, AEROFLOT, Belavia әуе компаниялары Ақтаудағы халықаралық рейстерін уақытша тоқтатып тастады. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" мәлім етті.
"Пандемияға байланысты бірнеше әуе тасымалдаушы Ақтауға бағытталған және осы қаладан жүзеге асырылатын рейстерді орындамайтын болды. Scat компаниясы 14 және 30 қыркүйек аралығында Ақтау мен Мәскеу, Краснодар, Минводы, Астрахань, Махачкала қалалары арасындағы рейстерді орындамайды. 4 және 24 қыркүйек аралығында осы компанияның Ақтау-Тбилиси-Ақтау, Ақтау-Баку-Ақтау бағытындағы ұшақтары да ұшпайды",– дейді Ақтау әуежайының өкілдері.
Сонымен қатар 17 және 25 қыркүйек аралығында AEROFLOT деп аталатын ресейлік компанияның Мәскеу-Ақтау-Мәскеу бағытындағы рейсі де шектелді. Ал Belavia бұрын Ақтау-Минск-Ақтау рейсін 2 маусымда ашпақ болған еді, бірақ коронавирус індетіне байланысты рейстің жандануы кейінге қалдырылды.
Табиғат Нұрболат