SCAT Астанадан Душанбеге жаңа рейс ашады

473

Осы бағыттағы әуе билеттерінің сатылымы басталды. Билеттерді SCAT әуе компаниясының веб-сайтынан немесе әуе билеттерін сату агенттіктерінен сатып алуға болады.

SCAT Астанадан Душанбеге жаңа рейс ашады

2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астанадан Тәжікстан астанасы Душанбеге жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Бұл – екі елдің авиациялық билік органдарының және SCAT әуе компаниясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларының және екіжақты келіссөздер аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болды. 

Астана - Душанбе - Астана бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет - жұма және жексенбі күндері CRJ-200 типті ұшақпен орындалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу