SCAT әуе компаниясы Ұлан-Батыр бағытындағы рейстерін уақытша тоқтатты

1286

Бұған Моңғолия билігінің шешімі негіз болды.  

SCAT әуе компаниясы Ұлан-Батыр бағытындағы рейстерін уақытша тоқтатты

SCAT әуе компаниясы Моңғолия билігінің өзге елдермен әуе қатынасын тоқтату туралы шешіміне байланысты Нұр-Сұлтан-Ұлан-Батыр бағытындағы рейстерін 30 сәуірге дейін тоқтатты, деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі. 

"Моңғолия Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешімі бойынша Моңғолия басқа мемлекеттермен халықаралық әуе қатынастарын уақытша тоқтатты . Осыған байланысты, SCAT әуекомпаниясы 11 наурыз бен 30 сәуір аралығында Нұр- Сұлтан - Ұлан-Батыр бағыты бойынша DV815 /816 рейстерін тоқтатуға мәжбүр", – делінген компания таратқан хабарламада. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу