Күндізгі уақытта рейстің кешігуі 8 сағаттан артық болғанына қарамастан, әуе компания оларды қонақ үйде орналастыруды ұйымдастырмаған, жазады inbusiness.kz сайты көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Тек кешкі сағат 22:00-ге қарай кезекші прокурор араласқаннан кейін жолаушыларға демалуға жағдай жасалған. Оған дейін 180 жолаушы күні бойы әуежайдың күту залында отырған.
Шығыс Қазақстан Көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылғанына назар аударды.
Тексеру қорытындысымен авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылды – ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу