"SCAT" әуе компаниясына қатысты тергеу басталды

591

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары Атырау қаласының әуежайында әуе компаниясының техникалық қызметкерлерімен бірлесіп, авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауда.   

"SCAT" әуе компаниясына қатысты тергеу басталды

2020 жылғы 10 қарашада Атырау уақытымен сағат 22:00-де "SCAT" әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Атырау – Нұр-Сұлтан бағытындағы DV-766 рейсінің әуеге көтерілу кезінде құстардың соқтығысуынан сол жақ қозғалтқышы зақымданған. Әуе кемесі әуежайға қайтып келіп, штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары Атырау қаласының әуежайында әуе компаниясының техникалық қызметкерлерімен бірлесіп, авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауда.  
"Атырау Халықаралық әуежайы" АҚ Атырау қаласының әуе айлағында ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, авиациялық орнитология саласында құстарды үркіту шараларын орындайды

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ әуе айлағын пайдаланушының ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету және олардың тиімділігі бойынша қажетті шараларды іске асыруын қадағалайды. Қабылданатын шаралардың негізгі міндеті – әуежайдың және оған іргелес аумаққа құстардың келуін  болдырмау.

Авиация әкімшілігі авиация саласымен бірге ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді шараларын іздеу және қолдану арқылы Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайларын төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта 2020 жылдың қыркүйегінде авиациялық әкімшіліктің базасында әуе кемелерінің құстармен соқтығысуын болдырмау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылған. Оның құрамына Қазақстанның ірі әуежайларының, әуе компаниялардың және авиациялық орнитология саласында мамандандырылған ұйымның мамандары кірді. 

Қазақстан Республикасының авиациялық заңнамасына сәйкес осы оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу