"SCAT" әуекомпаниясына берілген аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

474

Компания бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған.

"SCAT" әуекомпаниясына берілген аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Түркістан облысының прокуратурасы жосықсыз орман пайдаланушыға тиесілі аумағы 4 400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

13.12.2019 жылы облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған.

Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және "SCAT авиакомпаниясы" АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған.

Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған (Салық кодексінің 588-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы).

Алайда, "SCAT авиакомпаниясы" АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған Басқармамен бұйрық шығарылып (21.02.2024 ж. №20), шартты бұзу жолымен аңшылық алқабы мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу