"SCAT" әуекомпаниясының паркі тағы бір "Боинг" ұшағымен толықты

541

"SCAT" әуекомпаниясының паркі сыйымдылығы 213 орындық "Б737 МАХ 9" моделінің тоғызыншы "Боинг" ұшағымен толықты.

"SCAT" әуекомпаниясының паркі тағы бір "Боинг" ұшағымен толықты Фото: ҚР ИИДМ

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп әуе кемелерінің паркін ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды  inbusiness.kz  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, "SCAT" әуекомпаниясының паркі сыйымдылығы 213 орындық "Б737 МАХ 9" моделінің тоғызыншы "Боинг" ұшағымен толықты. Бұл әуе кемесі авиакомпанияның паркін 36 бірлікке дейін, оның ішінде 27 "Боинг" моделіне дейін ұлғайтады.

Биыл авиакомпания сыйымдылығы 213 орындық болатын 2 "Боинг-737 МАХ 9" ұшағын алып, іске қосты.

2022 жылы "SCAT" авиакомпаниясы өз флотын 189 және 174 орындық, оның ішінде 12 бизнес-кластағы орын сыйымдылығы бар 7 жаңа Boeing 737 ұшақтарымен ұлғайтты. Жаңа Boeing 737-9 әуе кемелері паркін жаңарту және кеңейту бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті қадамы болды.

Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу