SCAT әуекомпаниясы ұшақтың Астана әуежайына шұғыл қайта оралуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды NewTimes.kz.
"Астана – Алматы" бағытындағы DV 704 рейсі белгіленген уақытында ұшқан. Алайда эшелонда жоғарылық жүйе жұмысының тұрақсыз индикациясы байқалған.
"Қауіпсіздік шараларын ұстана отырып, экипаж командирі портқа қайта оралуды шешті. Ал рейсті резервтегі ұшақ орындады", - деп хабарлады әуе компаниясынан. Жолаушылар қазір Алматыға жеткізіліпті.
Еске сала кетсек, бұған дейін ұшақ жолаушыларының бірі NewTimes.kz редакциясына оқиға орнынан бейнеролик жіберген. Бейнероликте жолаушылар оттегімен демалу маскасын тағып, ал стюардесса жолаушыларды сабыр сақтауға шақыруда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу