SCAT авиакомпаниясы "Боинг-737 МАХ 9" ұшағымен толықты

486

Осы арқылы әуе тасымалдаушының флоты 34 ұшаққа дейін артты.  

SCAT авиакомпаниясы "Боинг-737 МАХ 9" ұшағымен толықты Фото: gov.kz

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті отандық авиакомпаниялармен бірлесіп, әуе кемелерінің паркін ұлғайту мен тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып келеді, деп жазады inbusiness.kz.

SCAT компаниясы сыйымдылығы 213 орынға шақталған "Боинг-737 МАХ 9" ұшағына ие болды.

Жаңа ұшақтың көмегімен SCAT-тың жолаушыларды тасымалдау сыйымдылығы ұлғайып, рейстерді уақтылы орындауға оң әсер етеді деп күтіліп отыр. Бұл әуе кемесі өткен жылдың тамыз айынан бері алған сегізінші әуе кемесі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу