SCAT-қа Эфиопияда құлаған ұшақ түрін пайдалануға тыйым салынды

1064

Қазақстан әуе кемелерінің реестрінде мұндай бір ғана ұшақ тіркелген.

SCAT-қа  Эфиопияда құлаған ұшақ түрін пайдалануға тыйым салынды

2019 жылдың 13 наурызынан бастап Scat әуе компаниясына Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ИИДМ азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Қазақстан әуе кемелерінің реестрінде мұндай бір ғана ұшақ тіркелген.

Тыйым салуға Эфиопияда әуе кемесінің осы түрінің апатқа ұшырауы себеп болған. Ол елдегі ұшақ апатынан соң бірқатар ел бұл үлгідегі ұшақтан бас тартты. Осылайша  Boeing акциялары да арзандап кетті.

Еске сала кетсек, 10 наурызда Эфиопияда зауыттан шыққанына 1 ай болған  Boeing 737 MAX ұшағы көкке көтерілгеннен соң көп ұзамай құлады. Жолаушылар түгел көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу