Бүгін Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша тұрақты рейстің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ИИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
2019 жылдың 2 маусымынан бастап SCAT әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан және Прага қалалары арасында Boeing 737 ұшағымен аптасына 2 рет тұрақты рейстерді орындайтын болады.
Жыл басынан бері Жуковский-Қарағанды, Жуковский-Көкшетау, Жуковский-Петропавл (ИрАэро), Алматы-Баку (AZAL авиакомпаниясы) бағыттарында жаңа халықаралық бағыттар ашылды. Сонымен қатар, биылғы жылдың 2 маусымынан бастап, SCAT әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батор – Нұр-Сұлтан бағытындағы тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу