SCAT пен Qazaq Air Ақтөбеге ұшатын рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
SCAT әуе компаниясы биыл 31 наурызға дейін Ақтөбеге ұшуларды тоқтату туралы шешім қабылдады. Жолаушылар сатып алған жерінен билет құнын толықтай қайтара алады. Рейсті басқа күнге қайта брондауға да болады.
2022 жылғы 17-23 наурыз аралығында бұл қалаға Qazaq Air де ұшпайды:Нұр-Сұлтан – Ақтөбе – Нұр-Сұлтан, Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе, Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе, Ақтөбе – Түркістан – Ақтөбе рейстері.
Билет әуе компаниядан сатып алынса, info@flyqazaq.com электронды поштасы арқылы өтініш жолдау керек. Брондау нөмірі мен кері байланыс мәліметін көрсету шарт. Билет агенттікте рәсімделсе, сол жерге хабарласу қажет.
Осыған дейін Air Astana Ақтөбеге рейстерді тоқтататынын хабарлаған еді.