Атыраудан Тбилисиге ұшып шығуы тиіс болған ұшақтың рейсі кейінге шегерілді. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе кемесі кем дегенде екі сағаттан кейін көкке көтерілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Scat air әуе компаниясына тиесі Атырау-Батуми бағытындағы №0821 чартерлік рейс жергілікті уақыт бойынша сағат 1.40-та ұшып шығуға тиіс болған. Бірақ хабарланғандай, Бакуден келетін ұшақтың кешігуіне байланысты рейс кем дегенде екі сағатқа кешіктіріледі", - дейді жолаушылардың бірі Светлана Тараканова.
Ол Батумиге баласымен бірге ұшып шықпақ болған. Оның айтуынша, әуежайда кешікккен рейстің жолаушыларына ешқандай жағдайлар жасалып жатқан жоқ.
"Күннің ыстығына қарамастан жолаушыларға су да ұсынған жоқ. Ешкім кешірім де сұрамады. Барлық жолаушыларда Батумиде қонақүйдің ақшасы төленіп қойған. Бүгінгі күніміз босқа кетеді деген сөз. Жалпы Батумиге ұшып шыға алсақ", - дейді ол.