SCAT әуекомпаниясының жолаушылары рейстердің кешігуіне шағымдануда, деп хабарлайды Atameken Business.
Әсіресе чартерлік рейстер 5 сағаттан 16 сағатқа дейін кешіккен. Мысалы, Туниске бағытталған рейс 4 рет кейінге қалдырылған. 31 мамырға жоспарланған ұшу уақыты 11:30-дан түнгі 23:00-ге дейін жылжытылған.
Жолаушылар SCAT онлайн-форумында халық әуекомпанияның жұмысына, ұшақтардың жағдайы мен кешігуге қатысты шағымдарын жазып қалдырған. Компания болса, туристерге жоғалтқан уақыт шығынын өтейтін айтып, кешірім сұрап жатыр. Бірақ, кешігудің нақты себептері айтылмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу