Бүгін Scat әуе компаниясының B757 үлгісіндегі ұшағы апатты жағдайда шұғыл қонды. ИИДМ азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Сания (Қытай) – Нұр Сұлтан бағытындағы VSV464 рейсті орындауы керек ұшақта 234 жолаушы болған, сондай-ақ, экипаждың 7 мүшесі бар.
Сания әуежайы диспетчерлік қызметінің алдын-ала ақпараты бойынша, ұшу-қону жолағынан резеңке қалдықтары табылған.
Қону қауіпсіз орындалды. ҚР ИИДМ авиациялық апаттар мен оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиясының тексерістері басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу