Басты себеп – ұшақтың құстармен соқтығысуы, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жағдайды реттеу үшін резервтік ұшақтар жіберілді, бірақ кейбір бағыттар бойынша рейстер кешігуі мүмкін:
- Алматы – Шарм-эль-Шейх;
- Алматы – Анталия;
- Анталия – Алматы.
Бұдан басқа, SCAT Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Астана–Доха рейсі тоқтатылғанын хабарлады. Осыған дейін отандық компаниялар тобы 23 маусымда бірнеше рейсті тоқтатты.
Атап айтқанда:
- КС191/192/Атырау–Дубай–Атырау;
- КС205/206/Астана–Дубай–Астана;
- КС897/898/Алматы–Дубай–Алматы;
- КС655/656/Астана–Доха–Астана.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу