SCAT жақында екі ұшақ сатып алады

2692

 Жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық рейстерге пайдаланылатын болады.

SCAT жақында екі ұшақ сатып алады

SCAT әуе компаниясы екі жаңа Boeing 737 MAX-9 алу үшін қосымша келісімшарт жасады, деп хабарлайды abctv.kz ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

"2019 жылдың мамыр айында Қазақстанға екі ұшақ тікелей өндіруші зауыттан жеткізіліп, ұшу кестесіне енгізіледі. Жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық рейстерге пайдаланылатын болады", – делінген хабарламада.

Әуе кемелері 189 жолаушыға есептелген, сондай-ақ бизнес-кластың 16 орны бар.

Boeing 737 MAX-9 – америкалық Boeing корпорациясы құрастырған орташа магистральді Boeing 737 MAX жолаушылар ұшағының жаңа модельдерінің бірі.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында әуекомпания америкалық Boeing корпорациясымен алты Boeing-737 MAX 8 ұшағын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Дегенмен, SCAT - тың мамыр айында қосымша келісімшарт бойынша қол жеткізетін екі ұшағы жоғарыда аталған алты әуе кемесінің қатарына кірмейді.

Boeing-737 MAX 8 ұшағы SCAT әуе кемелерінің қатарына 2018 жылы наурыз айының соңында қосылған болатын.

"Әуе кемелері паркін заманауи ұшақтармен жаңарту және толықтыру курсын ұстана отырып, SCAT 5 жыл ішінде Boeing-737 MAX 8 типті тағы 5 әуе кемесін алады, бұл әуекомпанияның маршруттық желісін одан әрі кеңейту бағдарламасын жүзеге асыруға жол ашады", – деп атап өтті компанияның баспасөз қызметінен.

Әуекомпания паркі сондай-ақ 2018 жылдың шілде айында Boeing-737-300 ұшағымен толыққан болатын.

SCAT – Қазақстанның ірі авиатасымалдаушыларының бірі. Бүгінгі таңда компанияның әуе кемелері флоты АҚШ пен Канадада құрастырылған 21 борттан тұрады: Bombardier CRJ-200, Boeing 737-300/500/700-NG, Boeing 757-200 және Boeing 767-300, Boeing-737 MAX 8.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу