Мектепке бармайтын оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп, "Үркер", "Пригородный", "Тельмано", "Заречное", "Железнодорожный", "Көктал", "Интернациональный", "Мичурино", "Промышленный", "Юго-Восток" тұрғын үй алаптарына атаулы рейдтер жүргізілуде. Байқоңыр ауданында 5 оқушы, Сарыарқа ауданында 4 оқушы, Алматы ауданында 7 оқушы анықталды", – деді ведомство басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу