Сегіз баланы жалғыз асырап отырған анаға пәтер берілді

850

Сегіз баланы жалғыз асырап отырған анаға пәтер берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына іс-сапары аясында Тараз қаласында алтын алқа иесі, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады, деп хабарлайды muslim.kz.

"Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай", - деп дұға жасады бас мүфти.

Батыр ана жомарт жандарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді.

Айта кетейік, жаңа пəтер "Зекет" қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу