Сегіз қазақстандық Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

796

Бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апталық дәрігерлердің бақылауында, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қадағалауда болады.

 Сегіз қазақстандық Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Қытайдың Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарымен біздің тағы 8 азаматымыз қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Таратылған хабарламадан білгеніміздей, бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апталық дәрігерлердің бақылауында, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қадағалауда болады.

"Сондай-ақ, эвакуацияланғандар арасында осыған дейін ҚХР-ның эпидемиологиялық қызметтерімен дене қызуы салдарынан шығарылмаған Яньцзы Университетінің 1-курс студенті бар",– делінген хабарламада.

Отырғызу алдында ҚР азаматтары қосымша медициналық тексеруден өткен. Дене қызуы немесе коронавирус симптомдары анықталмаған.

Еске сала кетсек, 3 ақпан күні еліміздің 83 азаматы Уханьнан әкелінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу