Сегіз облыста дауылды ескерту жасалды

108

Жолаушыларға жолға шығарда абай болуды ескертеміз.

Сегіз облыста дауылды ескерту жасалды Фото: youtube.com

21 сәуірде еліміздің сегіз өңірінде күн райы бұзылып, найзағай ойнап, қатты жел соғып, бұршақ жауады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

"Қазгидрометке" дерегінше, Астанада күндіз найзағай ойнап, желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыса отырып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында найзағай мен бұршақ болжануда. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Атырау облысында күндіз шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын, күндіз найзағай мен бұршақ болжанады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында күндіз шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады, ал күндіз оңтүстік-батыста найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, аса сақ болуды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу